Ғылыми-зерттеу жұмысы

Кафедра мына тақырыптар бойынша ҚР БҒМ гранттық қаржыландыру конкурстарында жүлде алды:
«Нарықтық экономика механизмдерін параметрлік реттеу теориясының негізінде тиімді мемлекеттік саясатты құру және жүзеге асыру әдістерін дамыту бағдарламасы» аясындағы «Экономикалық процестердің параметрлерін модельдеу» жобасы 2009-2011 ж.ж.
«Ғарыштық технологиялардың теориялық негіздері» фундаменталды зерттеулер бағдарламасының аясындағы «Таяу ғарыш жағдайындағы кездейсоқ параметрлер мен процестерді компьютерлік имитациялаудың модельдері мен әдістерін құру» жобасы 2007-2008 ж.ж.
«Білім беру саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» 014 бюджеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырыс аясындағы «ЖОО кафедрасына арналған интерактивтік оқу-әдістемелік WEB-ресурстарды жасау әдістерін құру» жобасы 2007-2008 ж.ж.
«Ресурстар мен объекттерді үлестірудің және орналастырудың стохастикалық модельдерін, әдістерін және алгоритмдерін құру» 2012-2014 ж.ж


Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы
2012 жылдың 30 қаңтарда «Ақпараттық жүйелер» бөлімі бойынша СҒЗЖ Республикалық конкурсы өткізілді.
Конкурсқа 16 ЖОО-дан студенттердің 43 ғылыми жұмыс тапсырылды.
1 дәрежелі дипломмен Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің 4 курс бакалавры А.Б. Қожантаевтың «Эдвайзер ақпараттық жүйесін құру» атты жұмысы марапатталды, ғылыми жетекшісі – Б.Х. Айтчанов, «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы; 2 дәрежелі дипломмен Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің 3 курс бакалавры Кәдірқан Байыржанның «Әр түрлі қисық сызықты регрессиялық модельдерді сызықтандыру әдісі» атты жұмысы марапатталды, ғылыми жетекшісі – А.Н. Темірбекова, «Бағдарламалық қамтама» кафедрасының профессоры; 2 дәрежелі дипломмен Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің 2 курс бакалаврлары А.А. Гнатченко, И.А. Гнатченконың «Разработка системы управления водонасосной станцией и станцией химической очистки воды для операторов г.Алматы» атты жұмыстары марапатталды, ғылыми жетекшілері – А.Қ. Мамырова, «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының доценті, техникалық ғылымдар кандидаты; 3 дәрежелі дипломмен Қазақ қаржылық-экономикалық академиясының 3 курс бакалавры О.Б. Қабдұлқақовтың «Компьютердің техникалық қамтамасыз етуін модернизациялау» атты жұмысы марапатталды, ғылыми жетекшісі – К.Б. Смагулов; 3 дәрежелі дипломмен Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің 4 курс бакалавры С.А. Бековтың «Кафедраның ғылыми құжаттары» атты автоматтандырылған жүйені құру» атты жұмысы марапатталды, ғылыми жетекшілері – Д.М. Ескендірова, «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының доценті, техника ғылымдарының кандидаты және М.А. Сыдыбаева, «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы.

 

2012 жылдың 26 наурызда 050703 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша студенттердің Республикалық пәндік олимпиадасы өткізілді. Олимпиада 5 теориялық және 4 практикалық сұрақтан тұратын тапсырмалар нұсқасы түрінде өткізілді. Олимпиадаға ҚР әр түрлі қалаларынан 34 студент қатысты. Олимпиада нәтижелері бойынша жүлделік орындар берілді:
• Алдияров Мейірбек 050703 АЖ мамандығының 3 курс бакалавры, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ –1 орын
• Лозбень Арсений 050703 АЖ мамандығының 3 курс бакалавры, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ –2 орын
• Омирбеков Нурсултан 050703 АЖ мамандығының 4 курс бакалавры, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ –3 орын.

 

2012 жылы 5-6 желтоқсанда Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институтының 50-жылдығына арналған «Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар: білім, ғылым, тәжірибе» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді. Оған студенттер қатысып, А.А. Гнатченконың, И.А. Гнатченконың, В. Зайцевтің жұмыстары ең үздік баяндама ретінде конференция дипломдарымен марапатталды.

Наверх