Кафедра туралы

Тарихы


Кафедра 1971 жылы Автоматтандырылған басқару жүйелері (АБЖ) және Электрондық-есептеу машиналары (ЭЕМ) мамандықтары бойынша ашылған. Оның тұңғыш меңгерушісі 1971 - 1989 жылдар аралығында, қазіргі ҚР ҰҒА академигі, еңбегі сіңген ғылым қайраткері, техникалық ғылымдар докторы, профессор А.А.Ашимов болды. Кафедраның негізін Мәскеу және Ленинград жоғары оқу орындарының жас түлектері мен аспиранттары қалады.


Кафедра алғашқы жылдардан бастап ҚазПТИ-дің алдыңғы қатарлы ұжымдарының бірі болды. Ғылыми зерттеулерді жүргізуден айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Осында А.А. Ашимовтың басшылығымен түрлі-түсті металлургиядағы, техникалық кибернетикадағы және ақпараттық технологиялардағы автоматтандырылған басқару жүйелерінің теориялық негіздерін, модельдерін, әдістерін құру бойынша Қазақ ғылым мектебі құрылды. Кафедра қызметкерлері Өскемен қорғасын-мырыш комбинатындағы, Шымкент қорғасын зауытындағы, Балқаш тау-металлуургия комбинатындағы, Актюбрентгендегі, Актюбсельмаштағы және республикамыздың басқа да ірі нысандарындағы алғашқы автоматтандырылған басқару жүйелерін жасауға қатысқан. Кафедра ұжымы 27 халықаралық және бүкіл кеңестік ғылыми конференция өткізді, 20-дан астам монография, 30-дан астам ғылыми еңбек басып шығарды. Кафедрада оқу үрдісінің әдістемелік қамтамасын жасауға көп көңіл бөлінеді. Кафедра оқытушылары 100-ден астам оқулық пен оқу құралын басып шығарды. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы Қазақстан Республикасының барлық компьютерлік мамандықтары бойынша жоғары білім берудің Мемлекеттік стандарттарының авторлары болып табылады.


Бұған кафедраның ғылыми-әдістемелік тәжірибесі, беделі және жақсы дамыған техникалық базасы септігін тигізді. Осы базаны құруда 1989 – 1994 ж.ж. кафедраның меңгерушісі, профессор К.С. Сағынғалиевтің сіңірген еңбегі зор болды.


Кафедра жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлау ісіне де үлкен үлес қосып келеді. Кафедра профессорлары А.А. Ашимовтың, К.Ш. Асаубаевтың, Б.А. Джапаровтың, Г.З. Қазиевтің, Ж.Н. Ниеталиннің, К.С. Сағынғалиевтің, У.А. Тукеевтің, Д.Н. Шоқаевтың, доценттері Ш.И. Жарболовтың, Б.И. Жұмағалиевтің, М.М. Медетовтың және т.б. жетекшілігімен 15 докторлық және 80-нен астам кандидаттық диссертация қорғалды.


1994-1999 және 2002-2012 ж.ж. кафедраның меңгерушісі,  1997-2010 ж.ж. 05.13.01 – Ақпаратты басқару және өңдеуді жүйелік талдау, 05.13.06 – Технологиялық процестер мен өндірісті автоматтандыру және басқару және 05.13.10 – Әлеуметтік экономикалық жүйелердегі басқару мамандықтары бойынша докторлық және кандидаттық диссертацияларды қорғау бойынша ҚР БҒМ бірлескен диссертациялық кеңесінің төрағасы профессор Д.Н. Шоқаев  болды.


Кафедраның ең басты мақтанышы – оның түлектері, олардың саны үш мыңнан асады. Осы кафедрадан оқу орындары мен ғылыми ұйымдар басшылары, облыстар мен ірі қалалардың әкімдері, ұлттық агенттіктер мен комитеттердің басшылары шықты.


Кафедра әлемнің алдыңғы қатарлы университеттері мен ғылыми орталықтарымен белсенді жұмыс істейді: Ресей ғылым Академиясының Басқару проблемалары институтымен бірге республика экономикасын параметрлік реттеу бойынша ірі ғылыми бағдарлама жүзеге асырылуда. Нью-Йорк университетінің, Нью-Мексика штаты Университетінің, Оттава университетінің профессорлары бізідң Ph.D докторларымызды даярлауға қатысуда.


2012 жылы кыркүйегінен- 2016 жыл аралағында кафедраны т.ғ.к., доцент Балғабаева Л.Ш. басқарды. Ол кісінің жетекшілігмен ҚазҰТУ Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институтының 50-жылдық орай «Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар: білім беру, ғылым, тәжірибе» атты Халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция өткізілді. Конференция шетел және Қазақстаның көрнекті ғалымдары қатысты, оңын ішінде Ақпараттық технологиялар институтты және басқа Қазақстан жоғары оқу орындарының түлектері бар.

 

2016 жылғы тамыздан кафедра менгерушісі болып, «Болашақ» президенттік бағдарламасының түлегі «Ақпараттық жүйелер» мамандық бойынша PhD, докторы Сапарходжаев Н.П. тағайындалды.

 

Мақсаты және міндетті
"Ақпараттық технологиялар" кафедрасының мақсаты: тиімді білім беру технологиясың қолдана отырып өндеудін, іздеудің, сақтаудың заманауи құралдарын  пайдалана білетін бәсекеге қабілетті, сапалы мамандар  даярлау. 
    
    

Кафедра тапсырмасы 
Дамыту инновациялық бағыттары бойынша жаңа білімдерін, біліктіліктерін және
дағдыларын меңгеру, тұрақты өздігінен даму мен жетілдіру бойынша қызметке бітірушілерді дайындау. 
     

Ақпараттық ресурстар мен қазіргі заманғы оқыту құралдарын қолдану арқылы оқытудың қазіргі заманғы әдістері негізінде өндірісті-басқарушылық, жобалы-құрылымдық, ұйымдастырулы-техникалық және ғылыми-педагогикалық қызметте құзырлы бітірушілерді дайындау. 
     

Оқу жоспарының өзекті элективті пәндер тізбегі және оқытуда жеке траекториясын таңдау негізінде бітірушілерді дайындау. ПОҚ тұрақты біліктілікті жоғарлату негізінде оқу жоспарының өзекті элективті пәндерді қолдау. 

 

Ақпараттық жүйелер кластерінде, сонымен қоса жалпы әлемдік тенденция есептеуімен ІТ-технология аймағында жаңа бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау. 
       

Қазақстан Республикасының ұлттар достығын әртүрлі мәдениетті, дәстүрді және салтты патриоттық рухта сыйлауға тәрбиелеу. 
     

Ақпараттық жүйелердегі ІТ-технологияларда қолданылатын зерттеу бөліміндегі дағдылары мен әдістерін кәсіби мамандықтың пән аймағының жүйелік түсінігін көрсете алатын мамандарды дайындау. 
     

Өндірістік-басқарулық, жобалы-құрылымдық, ұйымдастырулы-техникалық және ғылыми-педагогикалық қызметтерге құзырлы бітірушілерді дайындау. Пәннің белсенді қолданылуы «іnformation systems environment» өндірістік және кәсіптік болмысты көрсетеді. 
     

Ақпараттық ресурстар мен қазіргі заманғы оқыту құралын қолдану арқылы қазіргі заманғы оқыту әдісі негізінде бітірушілерді дайындау. 
     

Әлемнің алдынғы қатардағы университеттерінің профессорларын дәрістер мен тренингтерді оқу үшін тарту, сонымен қоса, алдынғы қатардағы университеттерде докторанттарды оқыту негізінде шет елдік тәжірибені қолдана отырып бітірушілерді дайындау.


Кафедра міндеті
Компьютерлік және ақпараттық мамандықтар тобы бойынша ҚР БҒМ кафедрасының базалық статусы иелене отырып, Қазақстанның мемлекеттік мекемелерінде, ұйымдарында және оның шегінде табысты қызметке дайын адамдық қызметтің әр түрлі аймағында білімінің бәсекеге қабілетті деңгейі бар жаңа ұрпақтың жоғары мамандандырылған мамандарды дайындауда кафедра өз үлесін қосады.

Кафедра стратегиясы: 
1. Ақпараттық жүйелер кластерінде, сонымен қоса жалпы әлемдік тенденция есептеуімен ІТ-технология аймағында жаңа бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау.
2. Қазақстан Республикасының ұлттар достығын әртүрлі мәдениетті, дәстүрді және салтты патриоттық рухта сыйлауға тәрбиелеу.
3. ҚазҰТЗУ  - «зерттеу университеті» ерекше мәртебесімен байланысты кафедраның ПОҚ ғылыми-педагогикалық потенциалын қолдана отырып, оқу үрдісінде зерттеу компонентін күшейту.
4. Ақпараттық жүйелер кластерінде IT технологияларда қолданылатын зерттеу әдістері мен дағдылары бөлігіндегі шеберлік, мамандықтың пәндік аймағын жүйелі түсіндіріп көрсете білуге қабілетті мамандар даярлау.
5. Дамыту инновациялық бағыттары бойынша жаңа білімдерін, біліктіліктерін және дағдыларын меңгеру, тұрақты өздігінен даму мен жетілдіру бойынша қызметке бітірушілерді дайындау.
6. Оқу жоспарының өзекті элективті пәндер тізбегі және оқытуда жеке траекториясын таңдау негізінде бітірушілерді дайындау. ПОҚ тұрақты біліктілікті жоғарылату негізінде оқу жоспарыэлективті пәндерінің өзектілігін қолдау.
7. Өндірістік-басқарушылық, жобалы-құрылымдық, ұйымдастырушы-техникалық қызметтерге құзырлы бітірушілерді дайындау. Пәннің белсенді қолданылуы «іnformation systems environment» өндірістік және бизнестік болмысты көрсетеді.
8. Ақпараттық ресурстар мен қазіргі заманғы оқыту құралдарын қолдану арқылы қазіргі заманғы оқыту әдісі негізінде бітірушілерді дайындау.
9. Әлемнің алдынғы қатардағы университеттерінің профессорларын дәрістер мен тренингтерді оқу үшін тарту, сонымен қоса, алдынғы қатардағы шетелдік университеттерде мамандарды оқыту негізінде шет елдік тәжірибені қолдана отырып бітірушілерді дайындау.
 

Наверх