Ғылыми-зерттеу жұмысы

Кафедра профессорларының зерттеу бағыттары – ақпараттық қауіпсіздікті ұйымдастыру және қамтамасыз ету, аппараттық қорғау, дерекқорларды басқару жүйелері, компьютерлік желілер және қауіпсіздік хаттамалары.
Кафедра іргелі зерттеулер және ҚР БжҒМ-нің гранттық қаржыландыру конкурстарына үнемі белсенді қатысады.
Зерттеулердің нәтижелері отандық және шет елдік жоғары импакт-факторлы журналдарда және конференцияларда жарияланады.
Кафедраның профессорлық-оқу құрамы «Ақпараттық қауіпсіздікті биометриялық қолдау бойынша стандарттар тобын зерттеу, гармонизациялау, өзгерту және есепке қою», жобасы бойынша қаржыландырылған ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізеді, сонымен қатар кафедра профессорлары ақпаратты қорғау саласында инициативті тақырыпта жұмыстар жүргізеді. Жұмыс нәтижелері мақала жариялымдарында, алынған предпатенттерде, шығарылған оқулықтар және оқу құралдарында бейнеленеді. 2014-2015 оқу жылында ректордың бұйрығымен ЖШС«Точприбор» және Ақпараттық телекоммуникациялық технологиялар институтының негізінде «Ақпараттық қауіпсіздік және ІТ-ресурстар» Иновациялық ғылыми-өндірістік орталығы құрылды, кафедра орталықтың жұмыстарына белсене қатысады.

 

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары

«Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығының студенттері кафедраның, институттың және университеттің ғылыми өміріне белсенді қатысады. Профессор-оқытушылар құрамының жетекшілігімен халықаралық, шетелдік конференцияларға; жыл сайын өткізілетін Қ.И.Сәтбаевтың туған күніне арналған ҚазҰТУконференциясына; ҚР БжҒМ, ҚР және жақын шетелдің басқа да ЖОО-да өткізілетін конкурстарға белсенді қатысады.
 

«Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығының студенттері 20014-2015 оқу жылында Volga CTF ақпаратты қорғау саласындағы халықаралық жарысқа қатысып, бірінші турдың қорытындысымен екінші турға өтті. Жарыс ТМД және Орта Азия елдерінің ЖОО студенттерінің командаларының қатысуымен кеңейтілген түрде өтті.

 

Сонымен қатар «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығы мен «Есептеу техникасы және программалық қамтама» мамандығының студенттері үздік ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық конкурсына белсенді қатысып, 1, 2 дәрежелі дипломдарды иеленді.

 

Касперский зертханасы мен PACIFICA компаниясының семинарына студенттердің, инженерлердің және ПОҚ қатысуы
2014-2015 оқу жылынан бастап «Ақпараттық қауіпсіздік» кафедрсы PACIFICA ақпараттық қауіпсіздік компанияның жетекші интеграторымен белсенді тығыз қарым-қатынаста. 3 және 4 курс студенттері компанияның негізгі тәжірибесінен өтті, 2015 оқу жылының түлектері бітіргеннен кейіні компанияға жұмысқа қабылданды. 2015-2016 оқу жылында, PACIFICA компаниясынан атқарушы директоры атынан Гениевский Павел және Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия елдері бойынша Касперский зертханасының басқарушы директор атынан Яшников Алексеймен «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» және «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша мамандарды дайындауда ынтымақтастықты нығайту үшін «Ақпараттық қауіпсіздік» және «Компьютерлік және программалық инженерия» кафедра меңгерушілерімен бірқатар кездесулер өткізілген болатын. Кездесулер нәтижелерінде «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» және «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтарының 4 курс студенттері үшін және кафедралардың инженерлері мен оқытушыларына Касперский зертханасы мен PACIFICA компаниялары семинар және шеберлік сабағын ұйымдастырған. Семинар соңында үздік студенттерге компания атынан сыйлықтар берілді. Сонымен қатар студенттер осы компаниялардың негізінде диплом алдындағы тәжірибеден өтеді.

Наверх