Кафедра туралы

Тарихы

 

«Ақпараттық қауіпсіздік» кафедрасы 1962 жылы «Есептеу техникасы» деген атпен құрылған. Кафедра «Математикалық және есептеу-шешу аспаптары мен құрылғылары» (МжЕШАҚ) мамандығы бойынша инженерлер даярлау жүргізген. Бұл мамандық 1968 жылы «Электрондық есептеу машиналары» (ЭЕМ) мамандығына, ал 1990 жылы - «Электрондық есептеу машиналары, кешендері, жүйелері және желілері» мамандығына өзгертілді. 1971 жылы кафедра жаңадан ашылған «Техникалық кибернетика» кафедрасының құрамына қосылды, ал 1975 жылы - бастапқы атымен жеке кафедра ретінде қайтадан құрылды. Осы кафедраның негізінде 1980 жылы «Электрондық есептеу техника» (ЭЕТ) факультеті ұйымдастырылды.

 

Кафедраның алғашқы меңгерушісі (1962-1968ж.ж.) – танымал педагог және ҚазССР-на еңбек сіңірген өнертапқыш, доцент Л.А. Бричкин болды.

 

1968 - 1971 жылдары кафедраның меңгерушісі міндетін ӘӘК-нің радиотехника инженері мамандығы бойынша Харьков жоғары авиациялық-инженерлік әскери училищесінің радиотехника факультетінің түлегі доцент Л.А.Винокуров атқарды.

 

1975-1988 ж.ж. кафедра меңгерушісі міндетін В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының Автоматика және есептеу техникасы факультетінің «Математикалық және есептеу-шешу аспаптары мен құрылғылары» мамандығының алғашқы түлектерінің бірі, техника ғылымдарының кандидаты, доцент С.Т.Тынымбаев атқарды.

 

Кафедраның дамуы Есептеу техникасы және Ақпараттық технологиялардың ғылыми зерттеулер мен өндірістік қолданбаларды автоматтандыру мәселерін аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуіне қатысты негізгі (базалық) бағыттарында жүріп жатыр. Осындай жұмыстарға тапсырыс берушілер қатарында мынадай мекемелер бар: ЭЕТСҒЗИ (ҒӨБ «Персей», Мәскеу қаласы); ядролық физика институты (ҚазССР); ҒБ «Союзвузприбор» (Мәскеу қаласы); Қарағанды металлургия комбинаты (Қарағанды қаласы).

 

Кафедра базасында ССРО ЖООМИН Ғылыми-әдістемелік комиссиясының көшпелі отырысы жүргізілді, оның мүшесі С.Т.Тынымбаев болды.

 

Есептеу техника кафедрасы Орталық Азия мен Оңтүстік Сібір аймағы үшін есептеу техника мамандығы бойынша мамандар даярлау орталығы болды және ССРО бойынша студенттердің үлкен контингентіне ие болды.

 

Осы кезеңде кафедра есептеу техникасы мен зертханалық жабдықтармен қамтамасыз етілді, кафедрада жұмыс істейтін жоғары біліктілікті кадрларды мақсаттылық түрде даярлау іске асырылды, сөйтіп кафедраның жоғарыбілікті профессор-оқытушылар құрамы қалыптасты.

 

Қазіргі уақытта С.Т.Тынымбаев «Ақпараттық қауіпсіздік» кафедрасының профессоры.

 

1979 жылы Ж.С. Сарыпбеков кафедраға доцент болып жұмысқа орналасып, докторлық диссертациясын қорғағаннан кейін профессор атағын алды, 1983 жылы декан ретінде ЭЕТ факультетін басқарды. 1993 жылы оның ынтасымен және проректор К.Ш.Асаубаевтың қолдауымен Қазақстан үшін жаңа мамандық – «Ақпарат қорғау және қауіпсіздігі» (АҚҚ) ашылды. 1989 жылы «Электрондық есептеу машиналары» мамандығы, ал 1996 жылы «Ақпарат қорғау және қауіпсіздігі» мамандығы бойынша қазақ бөлімдері ашылды.

 

Мұнан былайғы жылдары кафедра келесі мамандықтар бойынша мамандар даярлауды жалғастырды: «Ақпарат қорғауды ұйымдастыру мен технологиялары»; «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтама» («Ақпарат қорғау және қауіпсіздігі» және «Есептеу жүйелері мен желілері» мамандандырулары).

 

1988-2011 жылдар аралығында «Есептеу техника» кафедрасының меңгерушісі болып Қазақ политехникалық институтының «Электрондық есептеу машиналары» мамандығының 1968 жылғы түлегі, техника ғылымдарының кандидаты, доцент А.С.Ермаков жұмыс істеді.

 

Осы кезеңде жаңа мамандықтар ашылды, кафедра ұжымымен 37.06-«Ақпарат қорғау және қауіпсіздігі», 5В070400-«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтама», 5В100200-«Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандықтарының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары дайындалды.

 

2001-2002 жылдары кафедрасының меңгерушісі міндетін «Электрондық есептеу машиналары» мамандығы бойынша Қазақ политехникалық институтының түлегі, техника ғылымдарының докторы, профессор Г.З. Казиев атқарды.

 

2011-2014 жылдары кафедраны педагогика ғылымдарының докторы, профессор Г.Д. Жангисина басқарды.

 

2014 жылдың қыркүйегінде кафедра меңгерушісі болып техника ғылымдарының кандидаты, доцент Н.А. Сейлова тағайындалды.

 

Қазіргі таңда «Ақпараттық қауіпсіздік» кафедрасы 5В100200-«Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» және 6М100200-«Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығының магистратурасында мамандар даярлап жатыр.

 

Кафедрада бөлініп-таратылған есептеу жүйелерін, желілерін және дерекқорларын жобалау және құру әдістерін әзірлеу, ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін ұйымдастыру, қатынас құруды бақылау және басқару құралдарын әзірлеу, т.б. сияқты негізгі ғылыми бағыттар қалыптасқан.

 

Соңғы жылдары кафедрада ақпарат қорғау технологиясының әдіснамалық, ұйымдастыру және сертификаттау жайындағы бағыттары дамуда. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы жоғары дәрежелі білікті мамандар – Ресей ЖОО-ның: Бауман атындағы МЖТУ, МЭИ (Мәскеу қаласы), ЛЭТИ (Ленинград қаласы) және Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ түлектері.

 

Жоғары біліктілікті ғылыми кадрлар даярлауда кафедра профессорлары: Ж.С. Сарыпбеков, доценттері: Е.С.Пшенин, А.П.Куцый, Б.Б.Тажибаевтар ерекше үлес қосты, ал кафедра профессорлары: Д.З. Джурунтаев, Б.С. Ахметов, С.Т.Тынымбаев,  Е.Ж.Айтхожаева, А.Ш.Тұрым, А.С.Ермаков, ассистент-профессоры: Н.А.Сейлова, Р.Ш. Бердибаев және Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ – нің түлектері кафедра оқытушылары үлес қосуда.

 

Кафедра іргесінен жоғары біліктілікті мамандар: ірі оқу орындарының және ғылыми ұйымдардың, ұлттық агенттіктер мен комитеттердің жетекшілері және т.б. даярланды.

 

Кафедра әлемнің жетекші университеттері мен ғылыми орталықтарымен белсенді түрде жұмыс істейді: Ұлттық авиациялық университет, Ақпараттық технологиялар қауіпсіздігі (Украина, Киев), Санкт-Петербург ақпараттық технологиялар, механика және оптика ұлттық зерттеу университеті (Ресей, Санкт-Петербург), Бельско-Бяла қаласындағы университет ТГА (Технико-гуманитарлы академия, Польша) және т.б.

 

Кафедра Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, «Лаборатория Касперского» сонымен қатар «Точприбор», «Фалконгейз», «Акнур Секьюрити», «СерчИнформ», «Check Point», «Halyk Kazteleport», «Галактика»,  РММ «Мемлекеттік техникалық қызмет» (KZ-CERT), «Ақпараттық технологиялар орталығы», «Ұлттық ақпараттық технологиялар»және т.б мамандық түлектерінің потенциалды жұмыс берушілері болып табылатын ұйымдармен бірлесіп жұмыс істейді.

.

 

Академиялық білім алу желілік Cisco академиясының оқу курстарымен қосымша қамтылған. Білім алушылар ғылыми-инновациялық жұмыстарға белсенді қатысады.

 

Мақсаттар мен тапсырмалар

Елбасының «Қазақстан-2050 стратегиясы» атты Қазақстан халқына жолдауында, ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың даму саясаты, оның Қазақстан Республикасының ақпараттық қоғамға өту тетігі мен жағдайларын жасауға бағытталуы, инновациялық экономика, экспортқа бейімделген бәсекеге қабілетті ұлттық сектордың инфокоммуникациялық технологиясының қалыптасуы туралы айтылған.

 

АТ – мамандарының жаңа буынын даярлау арқылы Қазақстан қоғамын дамытуға өз үлесін қосу үшін «Ақпараттық қауіпсіздік» кафедрасының міндеттері мынадай мәселелерді орындау болып табылады:

1. «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығы бойынша ақпараттық және телекоммуникациялық салалардың заманауи талаптарына сай, сонымен қатар, модулдік оқытуға бағдарланған жоғары білімнің жаңа және жаңғыртылған бұрыннан бар типтік оқу бағдарламаларын әзірлеу;

2.  Жоғары технологиялық салалар үшін экономика, басқару, құқық ортасында тиісті құзыреттері бар зерттеушілерді, әзірлеушілерді және жетекшілерді дайындауды көздейтін магистратураның бағдарламасы бойынша мамандарды даярлау;

3.  Бакалаврлар мен магистранттарды қатыстыру арқылы ғылыми–зерттеу қызметтерін белсенді түрде дамыту;

4.  Ақпараттық қауіпсіздік саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;

5.  Сұраныс бар ғылыми және білім беру пәндері мен болашағы зор бағыттарды күшейту;

6.  Білім сапасын жақсарту, сондай-ақ кәсіби және мәдениет байланыстарын қолдау мақсатында басқа университеттердің ғалымдарымен тығыз қарым-қатынас орнату.

 

Мақсат және стратегия

Кафедраның мақсаты – ақпаратты қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында жоғары деңгейлі мамандарды (бакалаврлар, магистрлер) даярлау болып табылады.

 

Кафедраның стратегиялық бағыттары:

1. Білім беру сапасын жоғарылату. Халықаралық аккредитациялау агенттіктерде білім беру бағдарламаларын мойындауы. Білім беруді ұйымдастырудың, жоғары және ЖОО-нан кейінгі білім берудің оқу әдістемелік қамтамасының, білім деңгейін бақылау және оқыту технологияларын жетілдіре отырып студенттердің жетістіктерін тіркеудің сапасын жоғарылату;

2. Ғылыми-зерттеу жұмысы. Кафедраның ғылыми және инновациялық қызметінің интеграциясы. Мемлекеттік органдармен және өндіруші компаниялармен жұмыс жасау;

3. Кафедраның дамуы. Кафедраның инновациялық даму үрдісін қамтамасыз ету мақсатында қызметкерлердің ғылыми-педагогикалық потенциалын жоғарылату;

4. Адам капиталын жоғарылату. ПОҚ-тың кәсібилык деңгейінің жоғарылауын қамтамасыз ететін кадрлық менеджментті ұйымдастыру

5. Мемлекеттік тілді дамыту үшін «Үштілді» мәдениет жобасын іске асыру.

Наверх