Кафедра туралы

Тарихы
1971 жылы Автоматика және есептеу техникасы факультетінде «Өндірісітік электроника» кафедрасы құрылды. Бұл кафедраны әр жылдары

Умиряев Абдулла Умиряевич (1971 – 1975 жылдары),   
Бектыбаев Темирхан Касенович (1975 – 1986 жылдары),    
Ибраев Алпамыс Туякович (1986 – 1997 жылдары),    
Абдуллаев Мухит Абубакирович (1997 – 1998 жылдары),  
Шайхин Агыбай Калиакович (1998 – 2002 жылдары) басқарды.


1989 жылдан бастап «Өндірісітік электроника» кафедрасы «Есептеуші аппарат электроникасы» кафедрасы деп өзгертілді. Кафедра «Электронды-есептеуші құрылғылардың құрастырылуы мен технологиясы» мамандығы бойынша инженерлерді дайындауды бастады.
2004 жылы «Есептеуші аппарат электроникасы», «Өндірісітік электроника», «Көпканалды телекоммуникациялық жүйелер» және «Электронды жүйелер мен технологиялар» мамадықтары «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы болып біріктірілді.
«Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы 2004 жылы к.т.н., профессор Ермакова А.С. басшылығымен «Есептеуші техника» кафедрасы негізінде ұйымдастырылды.
Жеке кафедра ретінде РЭжТ «Автоматика және телемеханика» кафедрасы мен «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығын біріктіру арқылы  д.т.н., профессора Исембергенов Н.Т. басшылығымен құрылды.
2013 жылы кафедраны к.т.н., доцент Касимов А. О. басқарды.
1977 жылы Кожаспаев Н.К. бастауымен «Электротехника» кафедрасы құрылды.
2016 жылы д.ф.-м.н., профессор Ибраев А. Т. Басшылығымен «Электротехника, электроника және телекоммуникация» жаңа кафедрасы ұйымдастырылды.   
«Электротехника, электроника және телекоммуникация» кафедрасы бакалаврлар мен магистрларды қабылдау мен дайындау қызметтерін жүзеге асырады, осы мамандық бойынша PhD докторларын дайындауға сәйкесінше кадрлық, оқу-әдістемелік және ғылыми-техникалық потенциалға ие.

 

Мақсаттары мен міндеттері
Сигналдарды тарату мен қабылдаудың теориясы мен практикасы, радиобайланыс, жобалау, басқару және компьютерлік жүйелер теориясы, телекоммуникация саласын ұйымдастыру, ақпарттық қауіпсіздік салалары, телекоммуникациялық, радиотехникалық, электронды жүйелер мен мобильді байланысты әзірлеу, ендіру мен эксплуатациялау саласындағы білімдер негізінде телекоммуникациялық  жүйелерді зерттеу, әзірлеу және пайдалануға қабілетті бакалаврларды алатын бакалаврларды даярлау болып табылады.

 

Миссиясы және стратегиясы
-     электротехника, электроника және  телекоммуникация техникалық мамандығының еңбек нарығында сала бойынша бәсекеге қабілетті мамандар дайындау;
-    ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу, оқу қызметіне кіріспе, халықаралық тәжірибе негізі бойынша  радиотехника, электроника және  телекоммуникация саласы бойынша мамандарды дайындауда оз брэндімізді дамыту;
-    оқытуды ұйымдастыруда қосымша бағдарламалар өңдеу, жаңа мультимедиалық оқыту процесін ұйымдастыру;
-    ұйымдармен білім сапасын жақсарту үшін мәдени байланыстарды және техникалық сүйемелдеу үшін басқа университеттермен серіктестікте болу, радиотехника, электроника және  телекоммуникация саласы бойынша нарық сұранысы бойынша  жоғары квалификациялы кадрлар дайындау;

 

Наверх