Материалдық-техникалық база

Кафедрада 2 кешенді зертхана жұмыс істейді:

  • компьютерлерлік үлгілеудің кешенді зертханасы
  • бағдарламалы-техникалық құралдарды автоматтандырудың кешенді зертханасы

     

Компьютерлік модельдеудің және бағдарламалы-техникалық құралдарды автоматтандырудың кешенді зертханаларының келесі компьютерлік сыныптары мен дәрісханалары бар: 401а және 401б, сонымен қатар 413, 420, 515 оқу зертханалары.
     

Бағдарламалы-техникалық құралдарды автоматтандырудың кешенді зертханасында зертхананың меңгерушісі Доштаев Б.Ж. және инженер Шайхиева Ж.К. қызмет көрсетеді (413, 420, 415 дәрісханалары).
Компьютерлерлік үлгілеудің кешенді зертханасында зертхананың меңгерушісі Чумчукпаев К.К. және инженер Яворская О.В. қызмет көрсетеді (401а және 401б дәрісханалары).
№186-п 04.04.2011 бұйрығына сәйкес «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының жанынан «KazNTU-Honeywell» кафедрааралық автоматтандыру ғылыми-зерттеу және оқу орталығы құрылды. Оның мақсаты ИИжТТ институтының студенттерін бағдарламалауды және  Honeywell американдық аэроғарыштық компаниясының бағдарламалы өнімдермен жұмыс істеуді оқыту (421 ВК 35 м2, 02 ВК 98 м2).
«ТОО Honeywell-АСУ» мен Қ.И.Сатпаев атындағы КазҰТУ арасындағыкелісімге сәйкес,жабдықтар мен программалық камтамасыз ету 100 000 евроның үстінде қаражатқа Honeywell компаниясымен, ал ғимарат пен қызмет көрсетуші қызметкерлер Қ.И.Сатпаев атындағы КазҰТУ-мен камтамасыз етіледі.
     

Honeywell американдық аэроғарыштық компаниясымен ынтымақтастық тағы да бір зертхана ашуға мүмкіндік берді – 55 мың евро тұратын “Experian” бағдарламалы-техникалық кешені бар Honeywellоқу орталығы. Компания 421-ші дәрісханаға жөндеу жасап, орталықты түгелдей жабдықпен, жиһазбен, интерактивті тақтамен, көрнекі құралмен, методикалық құжаттамамен қамтамасыз етті және екі оқытушыны дайындады. Суретте осы оқу орталығының жобасы көрсетілген (421-ші дәрісхана).
     

2012-2013 оқу жылы магистранттар мен докторанттарды дайындауға арналған оқу-зерттеу зертханасы (400 ВК 33 м2 дәрісхана) пайдалануға берілді. Зертхана кафедраның студенттері мен қызметкерлерімен жасалған зерттеу стендтерімен қамтылған.

Наверх