Кафедра туралы

Тарихы


Кафедраның негізін қалаушы және алғашқы меңгерушісі атақты ғалым-білім беруші қазіргі заманның ҰАҒ академигі, техника ғылымдарының докторы Әшімов А.А.
    

Кафедраның болашаққа нық қадам басуын қалыптастыруға жоғарғы білікті арнайыландырылған-білім берушілерді, сонымен қатар, ғылыми бағытта басым мамандарды жинақтады. Кафедрада ҚССР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, профессор Тохтабаев Г.М.; Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері, техникалық ғылымдарының докторы, профессор Сыздыков Д.Ж., профессор Лю Б.Н., доцент Афанасьев А.А. және т.б. жұмыс жасай бастады.
    

1971 - 1984 жылдары және 1990-2001 жылдарға дейін ТМД елдерін және республикамызға танымал педогог, профессор Тохтабаев Г.М. кафедра меңгерушісі болды.
    

2000 жылдың қазан айынан 2001 жылға дейін профессор Тохтабаев Г.М. шәкірті, техника ғылымдар кандидаты, доцент Жүсіпбеков С.С. кафедраны меңгерді.
    

Кафедрада Жусупбеков С.С. бастамасымен автоматтандырылған және электржетегі бойынша «ҚазҰТЗУ-Siemens» оқу-инженерлік орталық ашылды.

 

2001-2006 жылдар аралығында ХАА академигі, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Кошимбаев Ш.К., кафедра меңгерушісі болып тағайындалды.

 

Техника ғылымдарының докторы, профессор Сулейменов Б.А., 2006 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі уақытқа дейін кафедра меңгерушісі болып, Б.А. Сүлейменовтың басшылығымен кафедра мамандарды ғылыми бағытта дайындап жоғарғы жетістіктерге жетуде.

 

Кафедра тұрғызылғалы мыңдаған инженерлер және бакалаврлар, магистрлер, сонымен қатар 16 докторанттар тәмәмдады. Қазақстан Республикасының өндірістік өнеркәсіптеріне және ғылымның дамуына біздің түлектер үлкен үлес қосып жатқандарын мақтан тұтамыз.

 

Міндеттері мен мақсаттары
"Автоматтандыру және басқару" кафедрасында білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврларды, ғылыми-педагогикалық магистрлерді, PhD докторларды, ИИМДБ-2 бойынша профильді магистрлерді дайындайды әр түрлі бәсекелестік салада білімінің деңгейі жоғары қабілетті жаңа ұрпақты дайындауда кафедра өз үлесін қосып келеді. «Автоматтандыру және басқару» мамандығында «Өндірістік үрдістерді автоматтандыру» бағытында дайындау жүргізіліп жатыр.

 

Міндеттері:
Біз еліміздің көркеюіне үлес қоса отырып қазіргі заманауи ғылымға сай жоғарғы кәсіби білім береміз және инновациялық әдістерді практикада қолданатын мамандар даярлаймыз.


Қазақстан Республикасында ғылыми-педогогикалық мектептің, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің «Автоматтандыру және басқару» бағыты бойынша жоғарғы кәсіби білімді алуды қамтамасыздандыра отырып ұйымдар және кәсіпорындармен өзара әрекеттесе отырып жас ғалымдар даярлайды, ақпараттық басқару және автоматтандыру жүйесін зерттеу және жасау, ұйымдастыру нысанын және техникалық автоматтандырылған теорияны басқаруды қолданып дамытуымен айналысады, сонымен қатар кафедра өзін беделді бөлім ретінде көреді.

 

Мақсаты
-    еліміздің индустриалын әртараптандыруды қалыптастыра білетін, жаңа бағыт -бағдар беретін, экономикалық тұрақтылық дамуын және оның жаңа бәсекелестік деңгейінің сапасының өсуін басқаратын «Өмір бойы білімін нығайтатын» принципін нақтылайтын, инновациялық-индустриалдық даму стратегиясын түсінетін жоғарғы кәсіби біліктілі маман дайындау;
-    өнеркәсібтік өндірісте алынған нәтижелерді практика жүзінде қолданып, әлемдік деңгейде ғылыми зерттеу жүргізу.

 

Наверх